
Қысқы кезеңге дайындық шаралары аясында Семей қаласының ерекше жедел құтқару жасағы мен азаматтық қорғау қызметтерінің техникасының жай-күйі тексерілді. Оқу-жаттығулар үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде азаматтық қорғау қызметтерінің сапқа тұруы мен жалпы дайындық деңгейі бағаланды. Екінші кезеңде қаладағы жылу көздерінің бірі – қазандықта төтенше жағдай туындаған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар пысықталды. Үшінші кезеңде зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру пунктіне – «Семей» қонақүйіне эвакуациялау бойынша жаттығу жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын және техникалық дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.