Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Қабылдауға 20-дан астам тұрғын келді.

Жеке қабылдау кезінде азаматтар әлеуметтік маңызы бар бірқатар мәселелерін жеткізді. Атап айтқанда, аула абаттандыру, жол жөндеу, тұрғын үй, ауыз су, жарықтандыру жұмыстары.

Қала әкімі бөлім және коммуналдық қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді.