
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері суретші Владимир Третьяковқа 95 жыл толуына арналған «Қаламыздың суретшісі» атты өлкетану ақпаратын өткізді..
Шараға Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Невзорвтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музей қызметкерлері Юлия Валерьевна Сивашова және кітапхана қызметкері Лариса Алексеевна Шестакова қатысты.
Кітапхана қызметкері біздің жерлестеріміз барлық уақытта да таланттылық, еңбекқорлық және шығармашылық әлеуетімен ерекшеленетін айтып, сондай тамаша адамдардың бірі - суретші Владимир Третьяковтың өмірі және шығармашылығымен таныстырды.
Сонымен қатар Владимир Третьяков суретші мектебін тәмамдап, Семей мемлекеттік Крупская атындағы институтында (қазіргі Шәкәрім атындағы университет) көркем-графика факультетінде оқытушы болып жұмыс істегені айтылды. Суретші 1960 жылдан бастап қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің тұрақты қатысушысы болғаны, оның туындылары Семей қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының мұражайларында, Алматыдағы Қазақстан Суретшілер Одағының панорамалық көрмесінде, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Германияның жеке коллекцияларында сақталағаны атап өтілді.
Іс-шара қонақтары сөз кезегінде суретші бүкіл өмірін кескіндеме өнері мен оқытушылық қызметіне арнағанын, сондай-ақ «Біздің қаламыздың суретшілері» топтамасына есімдері қаланың өмірімен тығыз байланысты суретшілер туралы альбомдар кіретінін тілге тиек етті.
Шара соңында Владимир Третьяковтың көркем мұрасының едәуір бөлігі Невзоровтар отбасы мұражайында сақталып, бүгінгі таңда онда суретшінің 280-нен астам туындылары қойылғаны айтылды.