Семей қаласында каратэ шинкиокушинкайдан қала біріншілігі өтті

Семей қаласында каратэ шинкиокушинкайдан қала біріншілігі өтті

2025 жылғы 1-2 қараша күндері Семей қаласында каратэ шинкиокушинкайдан балалар, жасөспірімдер және қыздар (5–15 жас) арасындағы кумитэбөліміндегі Семей қаласының біріншілігі өтті.

Аталған жарыс Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша №1 облыстық олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында өткізілді.

Бәсекеге 300-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары және мақтау қағаздарымен марапатталды.