2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Семей қаласының чемпионаты өтті.

2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Семей қаласының чемпионаты өтті.

25–26 қазан аралығында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Семей қаласының чемпионаты өтті.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебініңкүрес залында ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шараға Ресей Федерациясының Барнаул қаласынан, сондай-ақ Павлодар, Өскемен қалаларынан және Үржар, Қалбатау, Жарма аудандарынан бірнеше команда қатысты.
Жарыс 21 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Оған жалпы саны 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.