2012–2013 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо күресінен Семей қаласының турнирі өтті.

2012–2013 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо күресінен Семей қаласының турнирі өтті.

26 қазан аралығында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо күресінен Семей қаласының турнирі өтті.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің күрес залында өткізілді.
Бәсеке 17 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылып, оған 120-ға жуық спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары мен мақтау қағаздарымен марапатталды.