Қазақстан - менің мақтанышым

Қазақстан - менің мақтанышым

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан - менің мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді. 

Шара бастауында қатысушылар «Тәуелсіз Қазақстан» бейнеролигін тамашалады. «Тәуелсіз Қазақстан», «Ата-бабалар мұрасы» тақырыптарында жұмыс істей отырып, «Қазақстан шежіресі» атты шежіре ағашына ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолын, негізгі тарихи оқиғалар мен егемендікке елеулі үлес қосқан батырлардың ерліктерін бейнеледі.

Әрі қарай Беделбекова Малика, Асқарқызы Жібек, Әлібеков Аңсар ұлттық рухты дәріптеп Отан, туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтып, күй шертті. Сонымен қатар Қуандық Табиғат, Ардақ Диана би билеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аула клубының кішкентай мүшелері Нұрланқызы Айзере мен Еркінбек Асылан «Қызыл Телпек пен Қасқыр» атты көріністі қатысушыларға ұсынды.

Іс-шара соңында «Мен сенімен мақтанамын, Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.