Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай Семей қаласында жеңіл атлетикалық кросстан қалалық чемпионат өтті.

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай Семей қаласында жеңіл атлетикалық кросстан қалалық чемпионат өтті.

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай Семей қаласында жеңіл атлетикалық кросстан қалалық чемпионат өтті.

Жарыс Красный Кордон ықшам ауданындағы «Тиса» шаңғы базасы аумағында өткізілді. Чемпионатқа жоғары сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ ересектер қатысып, жарыс 8 қашықтық бойынша ұйымдастырылды.

Ең тартысты сын 2008 жылы туған және одан үлкен жастағы ерлер арасында өтті. 3 000 метр қашықтықта І орынды – Ахмадиев Еркебұлан, ІІ орынды – Бекешев Руслан, ІІІ орынды – Кутуев Мейір иеленді.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс — табандылық пен еңбектің жемісі.