2025 жылдың 21 қазаны күні Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

2025 жылдың 21 қазаны күні Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

2025 жылдың басынан бастап Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы 14 (он төрт) рет өткізілді. 

2025 жылдың 21 қазаны күні кезекті комиссия отырыс өтті. Комиссия отырысы қала әкімінің орынбасары Қ. Әбілдаевтың төрағалығымен және комиссияның мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Осы комиссия отырысында барлығы 10 құжат қаралды, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар «қолайсыз жанұя» санаты бойынша есепте тұрған жанұяларға қатысты 6 материал, ал «кәмелетке толмағандар» санаты бойынша 4 материал қаралды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер мәселелері олардың заңды өкілдерінің қатысуымен өтті.

Нәтижесінде комиссия шешімімен жоғарыда аталған санаттағы «қолайсыз жанұялар» мен «кәмелетке толмағандарға»  қатысты  «қатаң ескерту» шешімі қабылданды. Ал, 2 (екі) кәмелетке толмаған балаларға қатысты комиссия шешімімен оларды Абай облысының кәмелетке толмағандардың ісі бойынша  облыстық сотына ұсыныс ретінде, оларды ШҚО, Серебрянск қаласында орналасқан «девианты мінез құлықты балаларды оқытатын арнайы мектеп интернатына» орналастыруға қолдаухат жолдау шешімі қабылданды.

Комиссия шешімдерін орындауды Семей қаласының ювеналды полиция бөлімдеріне және Семей қаласы Білім бөліміне жүктелді.