Семей қаласында 40-тан астам аулаға асфальт төселді

Семей қаласында 40-тан астам аулаға асфальт төселді

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаладағы аула жолдарына асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.

Биыл Семей қаласында 40-тан астам аула жолдарына жаңа асфальт жабындысы төселді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсатымыз. Аулалар мен көшелердің жағдайын ретке келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.


Айта кетейік, аула жолдарын жөндеумен қатар, Семейде 35 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте балалар ойын алаңдарын орнату, көгалдандыру қарастырылған.