Қала басшысы Ерасыл Қажыбаевты құттықтады

Қала басшысы Ерасыл Қажыбаевты құттықтады

Қала әкімі Әділет Қожанбаев Қазақстан барысы турнирінде күміс белбеу иегері атанған Ерасыл Қажыбаевты жүлдесімен құттықтады.

Ерасыл Қажыбаев – жерлесіміз, қаламыздың және облысымыздың мақтанышы. Ол 2024 жылы «Қазақстан барысы» атағын иеленіп, облыс намысын абыроймен қорғаған болатын. Палуан өзінің шеберлігі мен қайсарлығының арқасында көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді.

Кездесу барысында Ерасыл қала басшысына алдағы жоспарларымен бөлісті.