Бүгін қала әкімі Әділет Қожанбаев азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, коммуналдық қызмет және «Отбасы» банкінің өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, ауыз су, жарық, ойын алаңдарының жағдайы, қоқыс, қоғамдық көлікке қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.