«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті

Қалалық Мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында өтті. Кеш «Адам болам десеңіз...» әлеуметтік көрінісімен ашылды.

Басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің маңызды рөлін мойындау және олардың қолдау көрсету мен әлеуметтік ортаға бейімдеуге қосқан үлесін насихаттау.

Сахнада қаламыздағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары мен қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп, жүрек тебірентер көріністер көрсетті. Концерт барысында қатысушылар шығармашылығын шыңдап, өз мүмкіндіктерін көрсетті.