Рухани келісім – бірлік пен татулықтың негізі

Рухани келісім – бірлік пен татулықтың негізі

Рухани келісім күні қарсаңында Семей қаласында діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайту, конфессияаралық татулықты сақтау және діни ұйымдардың бірлескен жұмысын жандандыру.

Кездесу барысында қатысушылар рухани келісімнің қоғам өміріндегі маңызы мен бейбітшілік пен бірлікті сақтау жолындағы әрбір азаматтың рөлін талқылады.

«Рухани келісім күні - кең көлемде, сән-салтанатымен аталып өтпесе де, тәрбиелік мәні зор мереке деп білемін. Бұл күн - ұлт пен ұлысқа бөлінбейтін, тілі бөлек болса да, тілегі бір барша қазақстандықтарға ортақ. Себебі, біз, береке мен бірлікті, қайырымдылық пен қамқорлықты қалайтын халықтың ұрпағымыз», – деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Гапуов.

Іс-шара соңында діни бірлестіктердің жетекшілері қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қала әкімі Әділет Қожанбаевтың атынан құттықтау хаттармен марапатталды.

Кездесу жылы әрі мазмұнды өтті, ал қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.