Қала әкімі Әділет Қожанбаев таңғы уақытта қаланы аралап, көмір сататын нысандардың жұмысымен танысты.
Аралау барысында Әділет Қожанбаев жауапты мамандармен және кәсіпкерлермен сөйлесіп, қазіргі ахуал туралы нақты ақпарат алды.
«Қыс маусымына дайындық – аса маңызды мәселе. Ең бастысы – тұрғындарды тұрақты түрде көмірмен қамтамасыз ету қажет. Қазір күн салқын, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жүруі тиіс», – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Әділет Қожанбаев тиісті бөлім мен мекеме басшыларына көмір жеткізу мен сату барысын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар тарапынан шағым туындамас үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.