Қазақ поэзиясының жұлдызы

Қазақ поэзиясының жұлдызы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері ақын Бауыржан Жақыптың «Абыралы көтерілісі» кітабы бойынша «Қазақ поэзиясының жұлдызы» атты әдеби сағат өткізді.

Шара басында кітапхана қызметкері ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Бауыржан Жақыптың өмірбаянын айта отырып, шығармашылығына тоқталды. Ақынның «Абайдың Қасқабұлағы», «Қолтаңба», «Баспалдақтар», «Бір кеменің үстінде», «Уақыт ұршығы», «Айдындағы аспан», «Ақ лақ» және т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары туралы ақпарат берді.

Әрі қарай Б.Жақыптың «Абыралы көтерілісі» лирикалық толғауына талдау жасалынды. Ақынның бұл шығармасы 1931 жылы ақпан-наурыз айларында бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы шаруаларының кеңес өкіметінің күштеп ұйымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеруі жайында жазылған. Сол кездегі қарапайым ауыл адамдарының басынан өткерген қиындықтарын жыр жолдарымен сипаттаған.

Іс-шара оқушылардың ақын өлеңдері мен поэмаларынан  үзінділер оқумен жалғасты.

Әдеби сағат соңында әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.