Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

2025 жылғы 15 қазанда Семей қаласы активінің кеңесі өтті, онда Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан Қуанышева сайланған әкім Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевқа куәлік табыс етті.

Семей қаласы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев 2025 жылғы 15 қазаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.

Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы 1980 жылдың 1 қаңтарында Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.
 Кәсіби қызметін 2000 жылы қаржы-банк саласында бастаған. «БТА Ипотека» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазтелеком» АҚ сияқты мекемелерде басшылық лауазымдарды атқарған. 2022 жылдан 2024 жылға дейін Абай облысының қаржы басқармасын басқарды. 2024 жылдың тамыз айынан бастап сайлау күніне дейін Абай облысы, Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарды.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ