3–5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне орай Семей қаласында президенттік көпсайыстан (полиатлон) қала чемпионаты өтті.
Аталған жарыс Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп, үш кезеңнен тұрды. Сайысқа 13 жас ерекшелігі бойынша 80-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды.