Семей қаласында жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер және спорт ардагерлері арасында пауэрлифтинг және жеке жаттығулар бойынша чемпионат өтті.

Семей қаласында жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер және спорт ардагерлері арасында пауэрлифтинг және жеке жаттығулар бойынша чемпионат өтті.

2025 жылғы 04–05 қазан күндері Семей қаласында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер және спорт ардагерлері арасында пауэрлифтинг және жеке жаттығулар бойынша Семей қаласының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа 90-ға жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарысқа Электротехникалық колледжінің, №32 жалпы орта мектебінің, сондай-ақ Семей және Өскемен қалаларының спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды.