PhD докторы, Shakarim University доценті Арайлым Оразғалиева өз таңдауын жасады

PhD докторы, Shakarim University доценті Арайлым Оразғалиева өз таңдауын жасады

Семей қаласында өткен қала әкімі сайлауы күні Shakarim University-дің әлеуметтік қолдау және жастарды дамыту орталығының жетекшісі, PhD докторы, доцент Арайлым Оразғалиева өз азаматтық таңдауын жасады.

Ол дауыс беру — әр азаматтың тек құқығы ғана емес, сонымен қатар борышы екенін атап өтіп, қаламыз бен өңіріміздің болашағы сайлаушылардың белсенділігіне байланысты екенін айтты.