Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды. Қазірде шаһарда 128 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске(жабық).
Комиссиялардың жалпы құрамы – 929 азаматты құрайды. Ал сайлаушылар саны – 220 761 адам.
Барлық сайлау учаскелері кеңсе тауарларымен, ақпараттық стендтермен, дауыс беру жәшіктерімен және жасырын дауыс беру кабиналарынмен қамтылған.