Қала әкімінің аппарат басшысымен колледждер мен жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті.
Кездесу барысында өңірдегі ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыру, діни экстремизмнің алдын алу және жастармен жұмыс бағыттарындағы міндеттер қарастырылды.
Сонымен қатар, оқу орындарында патриоттық тәрбие, волонтерлікті дамыту және әлеуметтік бастамаларды қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.