Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Байқаудың негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың назарын осы салаларға аудару.
«Еңбек күніне» орай «Еңбек жолы – 2025» байқауы өткізілді. «Үздік жас өндіріс қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Үздік еңбек әулеті» номинациялары бойынша өңірлік кезеңінде белсене қатысқан «Qazaq - Astyq Group» ЖШС, «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС, «Шығыс-Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ, «Эйкос» ЖШС және «Шығыс бройлер» ЖШС-нің жұмысшылары Абай облысы әкімі Б. Уәлидің алғыс хатымен марапатталды.