Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бүгін қаланы аралап, Бобровка және Мұрат саяжайларына барды. Бұған дейін аталған саяжайлардың тұрғындарымен әкімдік ғимаратында кездесу өткен еді.
Кездесуде тұрғындар электр желісі, жолдардың жөнделуі, балалар ойын алаңын салу, ағаштарды санитарлық кесу және көше жарығын орнату сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Бекжан Бапышев көтерілген мәселелердің барлығы бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
«Тұрғындармен болған кездесуде көтерілген сұрақтар бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Әр мәселе жеке бақылауымда», – деді Бекжан Бапышев.
Сондай-ақ әкімнің міндетін атқарушы жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстардың орындалу барысын бақылауда ұстауды тапсырды.