04–05 қазан аралығында дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен кекушинкай каратэден балалар мен жасөспірімдер, қыздар арасында қалалық турнир өтуде.
Аталған жарыс «Спорт терроризмге қарсы» атты ұранымен өтуде. Жарысқа 74 салмақ дәрежесі бойынша өткізілуде, оған 350-ден аса спортшы қатысып жатыр. Жергілікті спортшылармен қатар жарысқа Павлодар және Өскемен қалаларынан келген қатысушылар да өз шеберліктерін көрсетуде.
Бұл іс-шара жас спортшылардың шеберлігін арттыруға, спорттық тәжірибесін молайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.