2025 жылы Семей қаласында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде.
Атап айтқанда 11 аула оң жағалауда, 11 аула сол жағалауда, 13 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңартылуда.
Абаттандыру барысында балалар ойын алаңдары, спорттық құрылғылар, орындықтар мен жарықтандыру шамдары орнатылып, тұрғындардың жайлы демалуына жағдай жасалуда.