«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Алтын жас» клубы оқырмандарының қатысуымен Халықаралық қарттар күніне орай «Қарияларды құрмет тұтамыз» атты комплимент кешін өткізді.
Шараға «Айым» және «Радуга» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері аға буынның жастар тәрбиесіндегі, отбасылық және мәдени құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөлін атап өтіп, егде жастағы адамдарға құрмет пен қамқорлық танытудың қажеттілігін ескертті.
Әрі қарай қатысушылар өздерінің қызығушылықтары, сүйікті істері, өмірдегі бақытты сәттері, отбасылары, немерелері туралы айтып, сондай-ақ өздерін алғаш рет нағыз әже ретінде сезінген кездері жайлы әңгімелеп, жылы естеліктерімен бөлісті.
Кеш жалғасында шараға қатысушылар «Айым» балабақшасының бүлдіршіндері орындаған «Қамажай» және «Асық» билерін, сондай-ақ «Радуга» балабақшасының тәрбиеленушілері ұсынған «Дождик льёт по крышам» биін тамашалап, «Осень милая шуршит» әнін тыңдады.
Сонымен қатар бүлдіршіндер қарттарға арналған өлеңдер жолдарын оқып, түрлі интерактивті ойындарға қатысты.