Семей қаласының №50 IT мектеп-лицейінде қала күніне орай классикалық баскетболдан (5х5) қалалық чемпионат бастау алды.
Аталған спорттық іс-шара Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ұйымдастырылуда. Чемпионатқа 16 команда қатысып жатыр. Сонымен бірге Абай облысының аудандарынан келген спортшылар да өз бақтарын сынауда.
Чемпионат барысында жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және қаламыздағы бұқаралық спортты дамыту көзделіп отыр.
Барлық командаларға табыс тілейміз!