Кітап алып – әлемді аш

Кітап алып – әлемді аш

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Kitap Time-2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап алып – әлемді аш» атты Flasbook-тұсау кесер өтті.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері қатысушыларға «KitapTime - 2025» республикалық кітап фестивалінің мәні мен маңызы туралы айтып, кітапхананың қоғамдағы рөлі мен кітап оқудың пайдасын түсіндірді.

Сонымен қатар 2025 жылғы мерейтой иелерінің кітаптары, кітапхана қорындағы жаңадан келіп түскен кітаптарға арналған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылып, қатысушыларға библиографиялық шолу жасалды.

Әрі қарай қатысушылармен «Сен мына кітапты оқыдың ба?» атты ашық диолог өткізіліп, «Кітап - әлеміне саяхат» атты слайд көрсетілді. «Кітапті кім жақсы көреді?» ойынында викториналық сұрақтар қойылып, «Ертегілер еліне саяхат» атты пазыл құрастырды. Ойын нәтижелері бойынша жеңімпаздар сыйлықтармен және естелік жүлделермен марапатталды.

Іс-шара жалғасында «Өзің оқы, басқаларға ұсын» атты буккроссинг ұйымдастырылып, оқырмандар кітаптармен алмасып, оқыған шығармалары туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, «KitapTime - 2025» фотоаймағының алаңында суретке түсуге және фотосессия жасауға мүмкіндік алды.