Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі отырыс өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі отырыс өтті

Әкім аппаратының басшысы Еркен Беркенов төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, алкогольдік және есірткілік мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, алкоголь өнімдерін тұтынуға тыйым салынған тұлғаларға сату фактілеріне жол бермеу, қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, алаяқтықтың кең таралуының алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.