«Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Семей қаласының қалалық мәдениет Сарайы» КМҚК директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

«Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Семей қаласының қалалық мәдениет Сарайы» КМҚК  директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

«Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Семей қаласының қалалық мәдениет Сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

 Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

  • мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
  • халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды сақтау, насихаттау, оларды қазіргі заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
  • Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән мен би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
  • ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
  • мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, жинақтау, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;
  • этномәдени бірлестіктерді қолдау;
  • ұлттық мәдени орталықтармен жұмыс жасау;

мәдени - демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған түрлі мәдени акцияларды, бастамаларды қолдау.

Лауазымдық міндеттері:

  • қалалық мәдениет үйінің қызметіне басшылық етеді;
  • шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстардыжүзеге асыруды, жемқорлыққа күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
  • ұлттық -мәдени орталықтармен жұмыс атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

«Гуманитарлық ғылымдар» (музыкалық білім, мәдениет тану), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мәдениет саласындағыбасшылықлауазымдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Талапкерлер білуі тиіс:

ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясын,Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін»,Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»,Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын,Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңын,Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік мүлік туралы»Заңын, Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік қызмет туралы»Заңын,Қазақстан Республикасының«Мәдениет туралы»Заңын,Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»  Заңдарын және берілген санаттағы нақты лауазымға сәйкес саладағы қатынасты реттеуші Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін міндетті түрде білу.

Қажетті құжаттар тізімі: 

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін.

  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс-парағы, өмірбаян.

  4. Нотариуспен немесе өзге де заңнамамен белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі.

  5. Нотариуспен немесе өзге де заңнамаменбелгіленген тәртіппен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі.

  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  7. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме.

  8. 3х4 фотосурет (2 дана).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Семей таңы», «Вести Семей» газетінде, Семей қаласы әкімінің ресми интернет-ресурсындаконкурс жарияланған сәттен бастап15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылуы қажет: Семей қаласы, Абай көшесі 97, Анықтама телефоны: 8 (7222) 36-09-35, 87474701889