Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 18 қала тұрғыны келіп, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және тұрмыстық жағдайға қатысты сұрақтарын қойды.
Кездесуге жауапты бөлімдер мен коммуналдық қызмет басшылары қатысып, әрбір мәселе жан-жақты қарастырылды.
Тұрғындардың өтініштеріне нақты жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.