Қала күніне орай коммуналдық сала қызметкерлері марапатталды

Қала күніне орай коммуналдық сала қызметкерлері марапатталды

Қала күні мерекесіне орай коммуналдық салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қаламыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына зор үлес қосқан 50-ге жуық азамат қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында жылу беру, сумен қамтамасыз ету, қала тазалығы мен көркейту ісінде тынымсыз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар мен сала ардагерлері бар. Олар күнделікті адал қызметі арқылы шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, халықтың жайлы өмір сүруіне үлес қосып келеді.

Бұл марапат – қаланың өркендеуіне, тұрғындардың игілігіне жұмсалған қажырлы еңбектің әділ бағасы. Қаланың тыныс-тіршілігіне жанашыр болып, ел үшін аянбай тер төккен азаматтардың еңбегі әрдайым ел есінде.