Семейде балаларға арналған қалалық ән фестивалі өтті

Семейде балаларға арналған қалалық ән фестивалі өтті

«Семейім – жүрегімнің төріндесің» атты балалар арасында қалалық ән фестивалі өтті.

Бұл мереке – жас ұрпақтың өнерге деген құштарлығын, талантын шыңдап, үлкен сахнаға қадам басуына жол ашатын ерекше алаң болды.

Фестивальге қаламыздағы өнер мектептерінің, қосымша білім беру орталықтарының дарынды оқушылары қатысты. Олар қазақ және әлемдік эстраданың әсем әндерін орындап, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Фестивальде 40-тан астам бала өз өнерін паш етті. Ән фестивалі жас таланттарға шабыт беріп қана қоймай, қала тұрғындарына қуанышты көңіл-күй сыйлады.