2025 жылғы жұмыстар аясында Семей қаласында 40 шақырымнан асатын 52 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Оның ішінде 9 көшеге асфальт жабындысының екі қабаты төселсе, 28 көшеде бірінші қабаты салынды.
Бұдан бөлек, 160 мың шаршы метр аумақта жолдарды тегістеу, қиыршықтас пен құм-қиыршықтас төсеу жоспарланған.
Сонымен қатар, қаламыздағы аула мен орамішілік жолдарды асфальттау жұмыстары да қолға алынды. Бұл жұмыстар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған.