13–15 қыркүйек күндері Семей қаласында 2012–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Отбасы күніне орай грек-рим күресінен Семей қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылды.
Чемпионатқа Павлодар қаласынан, сондай-ақ Жарма және Аягөз аудандарынан жас спортшылар келіп қатысты. Жарыс 21 салмақ дәрежесі бойынша өтіп, оған 170-ке жуық спортшы бақ сынады.
Жарыстың үздік спортшылары Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары мен медальдарымен марапатталды.