Семей қаласында панкратионнан жастар арасындағы ашық кубок өтті

Семей қаласында панкратионнан жастар арасындағы ашық кубок өтті

13–14 қыркүйек күндері Семей қаласында панкратионның «традишн» бөлімі бойынша жастар арасындағы Семей қаласының ашық кубогы ұйымдастырылды.

Жарысқа Аягөз, Үржар, Курчатов аудандары және Семей қаласының спорт клубтарынан келген жас ерекшелігіне қарай бөлінген 21 салмақ дәрежесіндегі 210-нан астам спортшы қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер спортшылар қараша айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасы кубогында бақтарын сынайды.

Үздік атанған спортшылар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары мен медальдарымен марапатталды.