№35 орта мектепте жаңа кітапхана ашылды

№35 орта мектепте жаңа кітапхана ашылды

Семей қаласының №35 орта мектебінде облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен және «Алматыкітап» баспасының демеушілігімен «Абай кітапханасы» есігін айқара ашты.

Салтанатты іс-шараға қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, облыстық білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков, «Алматыкітап» баспасының директоры Гаухар Айтжанқызы, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

«Абайдың мұрасы – барша қазақтың қазынасы. Мектеп қабырғасынан бастап кітап оқуға, рухани байлықты арттыруға жол ашу – жас ұрпақ тәрбиесіндегі басты міндеттердің бірі. Бұл кітапхана балаларға білімнің ғана емес, тәрбие мен ойдың қайнар көзі болады деп сенеміз», – деді өз сөзінде Бекжан Бапышев.

Сонымен қатар, шара барысында «Алматыкітап» баспасының директоры Гаухар Айтжанқызына облыс әкімі Берік Уәлидің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.

Жаңа кітапханада Абай Құнанбайұлының шығармаларымен қатар, қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары, энциклопедиялар мен балаларға арналған заманауи әдебиеттер қойылды.