Жалпықалалық сенбілік өтті

Жалпықалалық сенбілік өтті

Семей қаласында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді қатысты.

Сенбілік барысында саябақтар, аулалар, көшелер қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде қоқыстар ТҚҚ полигонына шығарылды.

Мұндай шаралар қаламыздың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ортақ жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Тұрғындарды алдағы уақытта туған қаламыздың тазалығы мен көркін сақтауға шақырамыз!