«Тіл – татулық тірегі» мерекелік кеш өтті

«Тіл – татулық тірегі» мерекелік кеш өтті

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері мерекесі. Семей қаласында «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында белсенділік танытқан тіл жанашырлары Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

Мерекелік жиын қалалық мәдениет сарайының әншілері мен шығармашылық ұжымдарының әсерлі концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.