Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті рет жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға 22 тұрғын келіп, бірқатар өзекті мәселелерді жеткізді.
Қабылдау кезінде тиісті бөлім және коммуналдық қызмет басшылары азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бекжан Бапышев әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Нәтижесінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.