1 тамыздан бастап елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілуде. Бұл санақ - аграрлық саланың нақты жағдайын айқындап, ауыл шаруашылығы туралы толық әрі шынайы деректер қорын қалыптастырады.
Негізгі бөлімдері – жер ресурстары және оларды пайдалану, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, техникалық құралдар, өндірістік үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, инфрақұрылымның қолжетімділігі, еңбек ресурстары, шаруашылық жүргізу шарттары, цифрлық технологияларды пайдалану және т.б. туралы ақпаратты қамтиды.
Жұмыс жоспарына сәйкес 1 тамызда sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама басталды. Сауалнама 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін онлайн сауалнамадан өтпеген адамдар үшін жеке сұхбат арқылы санақ кезеңі өткізіледі.
Сонымен қатар, Семей қаласының тұрғындарына онлайн тіркелу барысында арнайы мамандар кеңес беріп, көмек көрсететін үш мекенжай белгіленген:
• Мәңгілік ел, 4 — Семей қаласы әкімінің аппараты;
• Абай, 97 — Ауыл шаруашылығы бөлімі, 5-қабат;
• Мәңгілік ел, 25 — Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті.