Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай тарихта тұңғыш рет Семей – Қарауыл төбе бағыты бойынша 180 шақырымдық ультрамарафон табысты өтті.
Желаяқтар екі жас санатында мәре сызығын бағындырды: 40 жасқа дейінгі:
1 орын – Кутуев Меиір (Семей);
2 орын – Келманов Рақымжан (Алматы);
3 орын – Уразов Руслан (Алматы)
40 жастан асқандар:
1 орын – Төлтебаев Асет (Астана);
2 орын – Сатенов Саламат (Атырау);
3 орын – Кожанов Аскер (Солтүстік Қазақстан).
Абсолюттік жеңімпаз – Ильясов Баубек (Орал қаласы). 19:09:45 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, JETOUR X50 автокөлігінің иегері атанды.
Бұл жарыс – тек қана спорттық сайыс емес, ол шыдамдылықтың, ерік-жігердің және намыстың мерекесі болды.
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!