«Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 180000, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 97, тел./факс: 8(7222) 36-03-23, электрондық пошта: sportsemey@akimatabai.gov.kz азаматтық қызметші лауазымына конкурс жариялайды:
«Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ің «Спартак стадионы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, А блогы – басқарушы персонал, A1 деңгейі, 3-ші саты, (1 бірлік), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты: 185111 теңгеден 224 044 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар. Еңбек өтілі: қалалық, аудандық коммуналдық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі. (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығы).
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
ҚР Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарын, ҚР Еңбек және Бюджет кодекстерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттер: Спорт нысанының (стадионның) әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметіне жалпы басшылық жасау, барлық бағыттағы қызметі үшін толық жауапкершілік алады. Алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаны дұрыс жоспарлау және оны уәкілетті органның бекітуі үшін жауапты болады. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі бұзылған жағдайда ҚР заңдарына сәйкес жауапты болады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, демалыс кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарды, өндірістік (мамандық бойынша) нұсқаулықтарды және өзге де ұйымдық-құқықтық құжаттарды бекітеді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның сақталуын, қызмет көрсетушіні анықтауды, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың, хаттамалардың дұрыс ресімделуін бақылауды қамтамасыз етеді. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қала әкімдігінің қаулысының орындалуына жауапты болады. Мүліктің сақталуын, «Спартак» стадионының меншігін ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді. Қаржы және материалдық ресурстарды жұмсау бойынша өзіне берілген құқықтар шегінде барлық мәселелерді шешеді, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануға жауапты болады. Еңбек заңнамасына және белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан шығарады, көтермелеу шараларын қолданады немесе жаза қолданады, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды. Спорт ғимаратының қызметін ұйымдастыру жөнінде бұйрықтар шығарады. Спорт ғимаратын (стадионды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін барынша пайдалану, олардың еңбегі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау, олардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсетуге байланысты спорт ғимараты жұмысының нысандары мен әдістерін айқындайды.
Спорт ғимаратын (стадионды) спорттық-технологиялық және инженерлік жабдықтармен, материалдармен жарақтандыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджеттік қаржыландыру шеңберінде олардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасайды. Өз құзыреті шегінде спортты жарнамалау мен насихаттауды ұйымдастырады. Қауіпсіздік техникасы қағидаларына және санитариялық- гигиеналық нормаларға сәйкес өткізілетін орындардың, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық іс-шаралары мен жарыстардың тиісті техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді. Мердігерлермен коммуналдық қызметтерді ұсынуға шарттық қатынастар орнатуды қамтамасыз етеді. Спорттық нысанның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген салықтар мен алымдардың уақтылы төленуін, экономикалық және әкімшілік басқару әдістерінің дұрыс үйлесімін, бір адам басшылығы мен кеңесші басқарудың, мәселерді талқылау және шешуде коллегиалдылық принциптерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсету тиімділігін арттыру үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін қолданады, әрбір қызметкердің тапсырылған ісі мен ұжымның нәтижесіне қатысты материалдық мүдделілігі мен жеке жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Жалақыны белгіленген мерзімде төлеуді қамтамасыз етеді.
Ғимаратқа уақтылы күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ қолда бар спорттық жабдық, сайман және мүкәммалды тұрақты техникалық куәландыруға қатысады. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде еңбек ұжымымен бірлесіп ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, Еңбек және өндірістік тәртіпті нығайтады, спорт ғимараты қызметкерлерінің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын бақылауды жүзеге асырады, өрт сөндіру құралдарының және өндірістік санитарияның жұмыс істеп тұруын қадағалайды.
Қызметтік міндеттерін орындау барысында материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, өзге де мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалануға жол бермейді. Спорттық нысанның қызметі туралы есепті уәкілетті органға ұсынуды ұйымдастырады. Ай сайын, 10-шы күнге дейін уәкілетті органға бюджеттік қаражаттың игерілуі жөніндегі есепті тапсырады.
Еңбек тәртібін, атқарушылық тәртіпті қатаң сақтайды, өзіне берілген өкілеттіктерді тиімді пайдаланады, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындайды, жұмыс уақытын ұтымды пайдаланады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермейді және кәсіпорын қызметкерлері тарапынан жасалуы мүмкін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралар қабылдайды. Ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасуына ықпал етеді. Мүдделі органдармен бірлесе отырып, терроризмнің алдын алу және спорттық нысанда терроризм көріністеріне әкелуі мүмкін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жұмыс жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (құжаттардың тізімімен бірге);
2) еркін түрде жазылған өмірбаян;
2) жеке куәліктің көшірмесі, жеке іс парағы (мекенжай және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы » бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген);
5) психоневрологиялық ұйымнан анықтама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша (2015 жылғы 27 сәуірде № 11304 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген), құжаттар ұсынылған күннен бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесі);
6) наркологиялық ұйымнан анықтама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша (2015 жылғы 27 сәуірде № 1304 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген), құжаттар ұсынылған күннен бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесі);
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
9) 3x4 фотосурет - 3 дана.
2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Азаматтар құжаттарды тігу құжатына салып, құжаттарды қабылдау мерзімдері ішінде қолмен немесе пошта арқылы ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурcқа қатысушыға құжаттарды кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Қатысушы конкурста білімін, жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін көрсететін қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (кәсіби біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсыныстар).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 97, 29-кабинет, анықтама телефоны: 8 (7222) 36-03-23.
Сұхбат өткізу орны: «Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Абай Құнанбаев көшесі, 97.
Ескерту: Сұхбатқа қатысу шығындары (жол ақысы, тұру, т.б.) қатысушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.