Азаматтарды қабылдау орталығында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауда жарықтандыру, тұрғындар жылу, тұрғын үй кезегі, жер, жол жөндеу, ауызсумен қамту, аула абаттандыру, шипажай жағдайы сынды мәселелерді қозғады.
Бекжан Бапышев тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.