«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері М.Әуезов алаңында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «АВАI Live - Абайды бірге оқиық!» атты Opeh air /ашық аспан асында/ өткізді.
Шараның басында кітапханашы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап өтті.
Әрі қарай қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, сонымен қатар, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас» сияқты әндерін музыкалық сүйемелдеумен бірге қосылып орындады.
Сонымен қатар ашық микрофон ұйымдастырылып, қатысушылар Абайға арнаған арнауларын оқып, ақының шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, танымдық викторинаға қатысты.
Іс-шара соңында «Абай халықтың жүрегінде, Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы» деген сөздер айтылып, «Абай - ұлы ақын және ойшыл» атты ашық кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарды рухани байлыққа толы мәнді де мағыналы шараларға қатысуға шақырды.
Қалалық орталық кітапхана