
«Арена» мәдени-спорт кешенінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны басталды.
Ойынға Қазақстан Республикасының 10 өңірінен – Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан қатысуда.
Барлығы 180 команда, ал жалпы саны 1 080 қатысушы. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейде ұлттық рекорд ретінде тіркеліп, Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС)енгізілмек.
Бас жүлде – 1 000 000 теңге.