
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Семей қаласының Арбатында «ASPAN CINEMA» ашық аспан астындағы кино көрсетілімнің он күндігі басталды. «Құнанбай» көркем фильмі көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты — ұлы ойшылдың руханимұрасын кеңінен насихаттау, көрермендерге Абай шығармашылығын заманауи тәсілмен, яғни кино өнері арқылы қайта таныту.

Кино көрсетілімдер кестесі:
- 2–7 тамыз – «Абай жолы» телехикаясы
- 8 тамыз – «Көксерек» көркем фильмі
- 9 тамыз – «Абайдың соңғы күндері» деректіфильмі
- 10 тамыз – «Абай әндері» музыкалық фильмі
Барлық көрсетілімдер ашық алаңда өткізіліп, тұрғындар үшін тегін ұйымдастырылуда.

Күн сайын сағат кешкі 19:00-де Арбат алаңында күтеміз!