28 шілде мен 2 тамыз аралығында сол жағалаудағы сақиналы жолайрықта жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақ арқылы ұйымдастырылады және барлық қауіпсіздік талаптары сақталады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден уақытша жол белгілеріне назар аударуды, мейлінше мұқият және сақ болуды сұраймыз!
Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз