Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан баспана, қоғамдық көлік, балабақша салу, жұмыспен қамту, жол-көлік қозғалысы, абаттандыру және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.
Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың көтерген мәселелері шешу бойынша жауапты бөлімдер нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы жеке бақылауға алынды.
Бекжан Бапышев азаматтардың мәселелеріне бейжай қарауға болмайтынын айтып, халықпен ашық әрі тұрақты диалог орнату – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.